Алдағы үш жылда Қазақстан теміржолы 1300 шақырымға жуық жол салуды жоспарлап отыр. Бұл елдің көлік әлеуетін айтарлықтай ұлғайтуға, экспорттық өнімді тасымалдау тиімділігін арттыруға және елдегі пойыздар қозғалысының жылдамдығын арттыруға мүмкіндік береді.Сондай-ақ хабарламада республиканың темір жолдарындағы транзиттің артқаны айтылған.
2023 жылдың 8 айында транзиттік жүк айналымы 25%-ке өсіп, 35,8 миллиард таза тонна-километрге жетті. Контейнерлік транзит 26%-ке өсті. Компания Достық – Мойынты учаскесінде екінші жолдар салынып жатқанын хабарлады. Дарбаза – Мақтаарал учаскесін, Алматыны айналып өтетін жол салу, Қытаймен үшінші шекара өткелін (Бақты – Аягөз) ашу жоспарланып отыр.