Жұмыс берушілер қосымша зейнетақы жарналарын аударуға міндеттеледі

37
Резіңке цехы. Жұмысшы. Станок
Жұмысшы станок басында

Келесі жылдан жұмыс берушілер өз есебінен қосымша зейнетақы жарналарын аударуға міндеттеледі. Бұл бастаманы үш жыл бұрын енгізуде жоспарлаған. Алайда президенттің тапсырмасымен кейінге шегерілген болатын.

Әлеуметтік кодекске сәйкес, 2024 жылы 1 қаңтардан бастап жұмыс берушілер өз қаражаты есебінен жұмысшылар үшін қосымша міндетті зейнетақы жарналарын аударады. Бас кезінде жарнаның көлемі жалақының 1,5 процентін құраса, 2028 жылға дейін кезең-кезеңімен 5 процентке дейін көтеріледі.

2024 жылы — 1,5 процент;
2025 жылы — 2,5 процент;
2026 жылы — 3,5 процент;
2027 жылы — 4,5 процент;
2028 жылы — 5,0 процент;
Осылайша, жұмысшылардың бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы есепшотында қосымша төлемдер түсіп тұрады