Мүгедек жандар үшін жұмыс берушілерге төленетін субсидия мөлшері артты

36

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа алғандарға мемлекет төлейтін субсидия көлемі ұлғайды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Ордабаев мәлімдеді.

Оның айтуынша, денсаулығында кінәраты барларды, қызметке қабылдаған жұмыс берушілердің шығынын өтеу үшін, биылдан бастап 300 айлық есептік көрсеткіш көлемінде субсидия төленеді.

Сонымен қатар, халықтың әлеуметтік тұрғыда осал топтарын жұмыспен қамту шаралары да қайта қаралды. Біріншіден «Күміс жас» жобасына қатысушылардың жасы 50-ге дейін төмендетілді. Олардың жалақысын субсидиялау мерзімі 3 жылға ұзартылды