717,3 миллиард теңге шетелге аударылған

29

Жыл басынан бері қазақстандықтар халықаралық ақша аударымдары жүйесі арқылы 717,3 млрд теңгені шетел асырған. Бұл өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 8 пайызға аз.

Ranking.kz-тің мәліметтері бойынша, қазақстандықтар негізінен Өзбекстанға, Ресейге және Түркияға ақша аударған. Бұл үш мемлекет қазақстандықтар тарабынан шетелге аударылған ақша көлемінің үштен екісінен асады.

Елімізге ақша аударымдары арқылы түскен қаржы көлеміне келер болсақ, ол өткен жылмен салыстырғанда 2 есе азайған. Қаңтар мен қыркүйек айларында жеке тұлғалар шетелден Қазақстанға 234,9 млрд теңге жөнелткен.

Олардың басым бөлігі Ресейден, Өзбекстаннан, Оңтүстік Корея және АҚШ-тан жіберілген.