Úı ANONS Жаңа жылдан бастап шетелден әкелінген көліктердің бағасы күрт қымбаттамақ

Жаңа жылдан бастап шетелден әкелінген көліктердің бағасы күрт қымбаттамақ

фото kz.otyrar.kz

Бүгінде әр қалада көлік салондары қаптап кетті. Демек сұраныс бар. Әсіресе Қытайдан әкелінген көліктерге сұраныс күрт артқаны байқалады. Ескі көліктерден арылып, жаңасына аяқ артып жатқандар бағаның қалтаға қонымды екенін айтуда. 

Дегенмен көңіл қабаржытатын жаңалық та жоқ емес. Жаңа жылдан бастап шеттен әкелінген көліктердің бағасы күрт қымбаттамақ. Бірден 4 пайызға. Бұған бірнеше фактор әсер етпек. Ең алдымен қосымша құн салығының 16% өсуімен байланысты болып отыр. Елімізде құрастырылатын темір тұлпарлардың құны өз қалпында қалуы мүмкін. Өйткені отандық көліктерді саудалағанда оларға қосымша құн салығы жоқ. Бірақ сұраныстың көп болуына байланысты оның да қымбаттауы мүмкін деген болжам бар.