Ертең Шымкентте құлақтандыру дабылы іске қосылады

89

23-24 қараша аралығында “Қыс-2023” республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары өтеді.

Оқу-жаттығу аясында 23 қарашада сағат 12:55-те электр сиреналары, сиреналық-сөйлеу құрылғылары іске қосылады. Теле-радио хабарларын тарату тоқтатыла отырып, Шымкент қаласында құлақтандыру жүйесіне тексеру жүргізіледі.

Естеріңізге сала кетсек, төтенше жағдай орын алған кезде халықтың назарын аудару үшін электродабылдар немесе басқа да дабыл құралдары қосылып, «Баршаңыздың назарына!» біріңғай құлақтандыру дабылы беріледі.

Дабылды естіген кезде тұрғындар орын алған жағдайда әрекет ету туралы нұсқаулар мен ақпарат алу үшін міндетті түрде қолжетімді ақпарат қабылдау құралдарын (теледидарлар,радиолар және т.б.) қосулары керек.

Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті қала тұрғындарынан үрейленбей, сабырлық сақтауды сұрайды.