Ғ.Сыздықбеков: «Шымкент халқы – бәсекеге төзімді, өте еңбекқор»

364

Шымкент қаласының басты байлығы – халқы және олардың қонақжайлылығы мен еңбекқорлығы. Бүгінгі таңда мегаполисте жұмыссыздық мәселесін шешу бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда. Нәтижесінде жұмыссыз тұрғындар саны жыл өткен сайын азайып келеді.

Бұл туралы қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг кезінде айтты.

«Өздеріңіз білесіздер, қаламызда халық саны өте тығыз орналасқан. Тұрғындар өте еңбекқор, бәсекеге төзімді. Былтыр бізде жұмыссыздық деңгейі 5%-ды құраған еді. Қазіргі таңда тиісті жұмыстар атқарылып, жүмыссыздар саны түсіп келе жатыр. Оған индустриалдық аймақтар мен жаңа жобалардың іске қосылуы себеп болып отыр. Әр жоба, әр инвестор экономикаға үлес қосқаннан бөлек жұмыс орындарын ашып, әлеуметтік салада да өз септіктерін тигізуде. Біз жастар болсын, жалпы барлық категориядағы тұрғындарды назарға алып отырмыз»,-деді Шымкент әкімі.