Базарлар мен әмбебап дүкендер жаңғыртудан өте ме?

19

«Базарлар мен әмбебап дүкендер жаңғыртудан өтуі керек». Бұл туралы сауда комитетінің төрағасы Айдар Әбілдабеков Шымкентке келген сапарында айтты. Оның сөзінше, жайма базарлар болмауы керек әрі барлық сауда орны стандартқа сай болуы тиіс.

Айдар Әбілдабеков, ҚР Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитетінің төрағасы: «Негізі бұл мәселе алдындары 2 рет созылған. Қазір мәжіліске ұсыныс бердік. Мәжіліс қолдады. Қазір сенатқа өтті бұл құжат. Сенат қолдайды деп үміттенеміз. Қолдайтын болса, жаңғырту 31 желтоқсан 2024 жылға дейін шегеріледі. Бірақ ол уақытқа дейін әмбебап дүкендердің барлығы жаңғыртудан өтуі қажет»

Бұл мәселенің көтерілгеніне біраз уақыт болса да түрлі себеппен кейінге шегеріліп келеді. Алдағы уақытта базарлар міндетті түрде заман талабына сай болады дейді жауаптылар.

Айдар Әбілдабеков, ҚР Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитетінің төрағасы: «1 қаңтар 2023 жылға дейін еліміздің 3 қаласында, Астана, Алматы, Шымкент қаласында әмбепап базарлардың барлығы жаңғыртудан өту қажет еді. Бірақ, әртүрлі жағдайға байланысты, пандемия бар, кредиттер бар, сондықтан біраз базарлар уақыты модернизациядан өтпей қалды»