Депутаттыққа нағыз патриот, еліміздің өркендеуін  қалайтын азаматтар барады

72

Мұхтар Асқарұлы Шымыров — «Ақ жол» демократиялық партиясынан сайланған VIII шақырылымының Шымкент қалалық мәслихатының депутаты. Мұхтар Асқарұлы  – 1982 жылдың 15 маусымында  Шымкент қаласындағы  Тельман елді мекенінде дүниеге келген.  1989-1999  жылдары Тельман елді мекеніндегі   № 51 жалпы  орта  мектебінде  білім алған. Дәрігерлер  отбасында  өскендіктен, мектепті  аяқтаған соң  1999 жылы Оңтүстік Қазақстан  мемлекеттік  медицина академиясына  өз күшімен  түсіп, 2004 жылы «Дәрігер-стоматолог» мамандығы  бойынша  оқуды  бітірді. Академия  қабырғасында  әскери кафедрасын  оқып,  запастағы лейтенант атағын иеленген.   Еңбек жолын 2004 жылы дәрігер-стоматологтан бастап, ары қарай 2008 жылға дейін стоматология кабинетінің  меңгерушісі қызметін атқарған.  Мұхтар Асқарұлы  өз ісіне жауапкершілікпен қарап,  өзіне және әріптестеріне  талап қоя біліп, кәсіби білімін іс жүзінде қолдана білгені үшін «Медицина саласының үздік қызметкері»  төсбелгісімен марапатталған. 

Мұхтар Шымыров стоматология саласында жұмыс істегенде, сол жылдары  қаламызда  стоматологиялық және процедуралық клиникалар  жетіспейтіндігіне көзі жетіп, қаламызда жекеменшік медициналық  мекемелерді  көбірек салып, ашу   қажет екенін  түсініп, іске кірісті.  Сондықтан,  2008 жылдан бастап  «Аманат – Құрылыс» ЖШС-не бөлім басшысы  ретінде  жұмысқа  тұрып,  ары  қарай  қызметі  директордың орынбасары, директорға дейін  өсті.  2008-2021 жылдар  аралығында ол Шымкент қаласының  тұрғындарына  бірнеше  процедуралық  кабинет,  стоматология кабинеттері,  медициналық клиникалар салып, қала тұрғындарының  алғысына бөленді. Сонымен қатар, медициналық құрылғылар  сатуға бағытталған дүкендер салып,  қалалық  медициналық мекемелерді медициналық аппараттар  мен  құрылғылармен  қамтамасыз  етіп отыр. 

Қазіргі  таңда Мұхтар Асқарұлы  «BIOMAK»  өндірістік кооперативінің директоры қызметін атқаруда.  Ол  Шымкентте алғашқы  рет,  отандық өнім ретінде заманауи  жер тыңайтқыштар өндірісін іске қосып,  ауыл шаруашылықтын дамуына  өз үлесін қосып отыр.  Сондай-ақ, Мұхтар Асқарұлы  ұзақ жылдар  бойы  еліміздің дамуына қосқан үлесі  мен  кәсіпкерлік саласындағы  жетістіктері  үшін «Кәсіпкер» төсбелгісімен марапатталған. 

Сонымен бірге,  Мұхтар Шымыров 2022 жылдан бастап  «Ақ жол» демократиялық  партиясының  белсенді  мүшесі  болып келеді. 2023 жылғы жергілікті  мәслихат сайлауында депутаттыққа  үміткер  ретінде  қатысып,  үгіт-насихат шараларында қызу жұмыс атқарды. Яғни, үгіт-насихат кезеңінде «Ақ жол» демократиялық партиясының   сайлауалды бағдарламасын халыққа жан-жақты түсіндіріп, сайлаушылардың ұсыныс-тілектерін ескеріп, билікке жеткізуге ықпал жасады. Мұхтар Асқарұлы  29 наурыз 2023 жылдан бастап «Ақ жол» демократиялық  партиясынан  сайланған Шымкент қалалық мәслихатының  депутаты  қызметін атқаруда. Ол депутаттық қызметінде  бір жылға  жетпейтін уақыт ішінде тиісті мемлекеттік органдарға 10-нан астам Депутаттық  сауалдар мен ұсыныстар жолдады.  Депутаттық сауалдарында қаламызда орын алған  әлеуметтік-экономикалық  саласындағы   әр түрлі  мәселелерді көтерді. Атап айтқанда, № 171 автобусының бағытын өзгерту туралы, қаламыздың тазалығы және қоқысты тазалау, тұрын үй кезегінің баяу жылжуына байланысты, қаламызда қанғыбас жануарларды аулау мен зарарсыздандыру және тағы басқа өзекті мәселер бойынша жолдады.  

5 депутаттық сауалы бойынша  мәселелер өз шешімін  тапты. Бұдан басқа, Мұхтар Шымыров 3 рет халықпен кездесу өткізді, жергілікті  тұрғындардың  мәселелерін тындап, оларды жазбаша  түрде билікке жеткізді. Сонымен  қатар, халық қалаулысы бір айда екі  рет  қоғамдық  қабылдау өткізіп,  азаматтарды  жеке мәселелері бойынша  қабылдап, проблемаларын шешуге өз тарапынан ықпал жасап келеді.  Мұхтар Асқарұлы  белсенді депутаттық қызметі үшін 22.12.2023 жылы «Ақ жол» демократиялық партиясының Ұлттық Кеңесі шешімімен «Үздік депутат» атанып, «Алаш елі»  төсбелгісімен  марапатталды, ал 04.01.2024 жылы  «Ақ жол»  демократиялық партиясы  шығарған «Алаш»  медалімен  марапатталды. 

«2024 жылдың 4 қантарында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Қазыбек Жарылқасынұлы Иса Шымкент қаласында іссапармен болып, бір қатар мекемелерді аралап, халықпен кездесті. Іссапар барысында мен 1989-1999 жылдары оқыған Тельман елді мекенінде орналасқан №51орта  мектебінде болып, ауыл билері мен мектеп ұжымы, жергілікті халықпен  кездесті. Кездесу барысында  тұрғындар көптеген мәселелерді көтерді . Атап айтқанда, № 51 орта мектебіне осы ауылдан шыққан Кеңес Одағы Батыры  Ережепбай Молдабаевтың атын беру қажеттігі  туралы мәселені айтты. Ал мектеп мұғалімдерінің көтерген мәселесі — мектеп ғимараты  ескі болғандықтан, жаңа мектеп  балаларға орындалмас арманға айналған.  Балалар басқа  мектептерге  ауыса бергеннен,  сыныптарда  балалар  саны өте аз. Соңдықтан педагогтар   мектептеріне күрделі жөндеу жұмыстары  қажет  немесе  ескі  мектепті  бұзып , орнына жаңа заманауи мектеп салып  беруді  сұранды.  Жаңа ғимаратта білім сапасы артып, бұл балалардың оқу үлгеріміне де оң әсер ететіндігіне сенімдімін. Сонымен  қатар, 178 мың халық  тұратын Тельман елді  мекенде балалар жаттығатын  спорттық алаң  жоғы туралы  мәселе көтерілді. Спорттық  насандар баршаға қол жетімді болуы тиіс. Жеке меншік футбол  ойнайтын алаңдар бар, бірақ олар ақылы , сондықтан  әр ата-ананың  қалтасы  көтере бермейтіндігін жеткізді. Балалар  жаттағытын алаңдар  болмағандықтан, олар көшеде сандалып, бұзақылық әрекеттерге  дейін  баруда. Денсаулық кепілі- дене шыңықтыру болғандықтан, балалар үшін  барлық жағдай жасалуы  қажет, сондықтан  Тельманда бірнеше балалар футбол ойнайтын  шағын аяқдоп  аланың салып беру қажет деп ойлаймын. Бұдан  басқа,  елді  мекен тұрғындары ауырып қалса, Самал -3 мөлтек  ауданында  орналасқан № 6 емханаға  барып  қаралуға мәжбүр . Ол емхана өте алыс орналасқандықтан қариялар мен  мүгедектігі  бар  азаматтарға  қиындық  туғызуда. Бұған дейін № 52 мектепке  қарама-қарсы жерде Тельман елді  мекені тұрғындарына  үшін арнайы шағын  емхана болатын,  қазір ол жер  бос жатыр, сол  жерге жаңа емхана  салып берілсе деген өтініш айтылды. Халықтың  денсаулығы – басты  назарда  болғандықтан, емханалар мен ауруханалар жалпыға бірдей, қолжетімді болуы қажет.  Жоғарыда айтылған мәселелерді зерттеп, нәтижесі бойынша  тиісті мемлекеттік органдарға Депутаттық сауалдар жолданатын болады. Сонымен қатар,  кездесуде маған сабақ берген мұғалімдерді көріп, бұл жетістіктерге жетуім осы  ұстаздардың арқасында  екеніне көзім жетті,  сондықтан оларға алғысым шексіз.» — дейді Мұхтар Шымыров. 

Мұхтар Асқарұлында  адам   бойындағы  ең жақсы қасиеттердің бірі   -қайырымдылық бар.  Ол рухани құндылықтарды материалдық құндылықтардан жоғары қоя біледі және  өзінің мейірімділігімен ерекшеленеді.  Халық қалаулысы «Оң қолын  бергенді, сол  қолын білмесін» деген өмірлік қағиданы ұстанып, істеген жақсылықтарын жария етпейді.  Сондай-ақ, ол  көптеген  қайырымдылық акцияларға қатысып,  мұқтаж адамдарға көмектесіп  келеді. Осындай игі істері үшін  «Сауап» медалімен марапатталған. 

Мұхтар Асқарұлы отбасылық құндылықтарына үлкен  назар аударады. «Отан отбасынан басталады»- дейді. Жұбайы Қасымбекова Клара  екеуі үш ұл, бір  қыз тәрбиелеп  отыр.

« Депутаттық – ол қоғамдық іс,  депутаттыққа -белсенді азаматтар, нағыз патриот, еліміздің өркендеуін қалайтын азаматтар барады. Қазіргі таңда халықтың депутатқа қояр  талабы күшейген,  өйткені депутат – халық пен билік  арасындағы  алтын көпір.  Мен депутаттық қызметіме үлкен жауапкершілікпен қараймын, халыққа сайлауалды берген уәделерімізді орындап,  шырайлы қаламыздың  дамуына өз үлесімді қосқым келеді» — дейді Мұхтар Шымыров. 

Депутатқа қояр сұрақтарыңыз бен арыз-шағым, ұсыныс-тілектеріңіз болса, +7-771-318-55-10 WhatsApp желісі арқылы жазсаңыз болады. 

Бұл мәтін Ontustik Rabat газетінің

№5 санында (01.02.2024) жарияланды