«Бақытты жанұя» орталығының әжелер кеңесі мен Шымкент қалалық ардагерлер кеңесі мүшелері көмекке мұқтаж Тұртаевтар отбасына қолдау көрсетті.
Ақ жаулықты ана Шарапат Құрманбекова «Отырар» телеарнасында Құрсай шағынауданында өрттен зардап шеккен көпбалалы отбасы жайлы сюжетті көріп, бейжай отыра алмадық, көмек көрсету жөнінде шешім қабылдадық» дейді.
Естеріңізге сала кетейік, 2 ақпанда Құрсай шағынауданындағы жекеменшік үйде өрт болған. Отқа оранған үйден балаларды көршісі алып шыққан. Қазір балалар дін аман. Балалардың әкесі Астанадағы құрылыстардың бірінде жұмыс істесе, анасы балабақшада жұмыста болған. 5 баланың үшеуі №49 мектептің оқушылары. «Қиын жағдайда бізді жалғыз қалдырмаған жерлестерімізге алғысымыз шексіз»,- дейді көпбалалы ана Мақпал.
Клара Атемова бастаған «Бақытты жанұя» орталығындағы әжелер кеңесінің белсенділері өрттің салдарынан бір сәтте баспанасыз қалған көпбалалы отбасыға жылы төсек жиынтығын, балаларға қысқы киім мен азық-түлік алып келді. Азын-аулақ жинаған ақшалары да бар.
Шарапат Құрманбекова, қоғам белсендісі: «Арты жақсы болсын, балаларыңның рахатына бөленіңдер. Мойымаңдар, елдің ішіндесіңдер. Қаймағы бұзылмаған қазақпыз, бір-бірімізге жанымыз ашып тұратын, танитын-танымайтын деген әңгіме жоқ. Ең бастысы, балалар аман».
Көпбалалы отбасыға көмектесемін деген азаматтарға байланыс тел. 8 707 324 65 33
KASPI.KZ: +7 707 324 65 33 МАҚПАЛ Б.