Қ.Тоқаев: «Бірыңғай жер салығын қолдану мәселесін қайта қарастыру керек»

37
фото baq.kz

Экономиканы дамыту үшін ауыл шаруашылығын қарқынды түрде қолға алу қажет. Бұл бұрыннан айтылып келе жатса да енді алдағы уақытта айырықша көңіл бөлінбек.

Ауыл шаруашылығы өнімін өңдеумен белсенді түрде айналысу керек, ал өнім өндіріп отырған диқандарға жан-жақты қолдау көрсеткен жөн. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтты.

Президент айтып өткендей үш жылда агроөнеркәсіп саласындағы өңделген өнімнің үлесін 70 пайызға жеткізу міндеті қойылған болатын. Алайда бұл меже орындалмаған. Мемлекет басшысының пікірінше, қазіргі таңда тек шикізат өндірісіне ғана сеніп отыруға болмайды. Ауыл шаруашылығы өнімін өңдеумен белсенді түрде айналысу керек. Дәл осы салада еңбек етіп, тер төгіп жүргендер көп. Дегенмен оларға айтарлықтай жағдай жасалып жатқан жоқ.

«Ауыл шаруашылығын көтеремін деушілер қатарын барынша көбейту керек. Ал осы салада жүрген яғни, егіннің түсімін көбейтіп, дақыл түрін арттырып жатқан дихандарға мейілінше қолдау көрсеткен жөн. Сонымен қатар, бірыңғай жер салығын қолдану мәселесін қайта қарастыру керек», – деді мемлекет басшысы.