Шымкентте бірқатар қылмысы үшін іздеуде жүрген шетелдік ұсталды

45
фото egemen.kz

Ер адамды көші-қон қызметінің инспекторлары ІІМ-нің нұсқауы бойынша жүргізілген «резеңке пәтерлерді» тексеру барысында анықтады.

Азамат 2022 жылы Өзбекстан полицейлерімен мемлекетаралық іздеуге жарияланған. Оған қатысты экономикалық қылмыстар жасағаны үшін үш бап бойынша істер қозғалған .

Ер адам ҚР аумағында тіркеусіз жүрген.
Қазіргі таңда ол қамауда. Ұсталғанды көрші елге экстрадициялау бойынша жұмыстар жүргізілуде.