Home Credit Bank Түркістан қаласында өз бөлімшесін ашты. Бұл реті бойынша танымал банктің Қазақстан бойынша 52-ші бөлімшесі болып табылады. Онда кәсіпкерлер мен қала тұрғындарына банктің барлық қызметтері қолжетімді.
Қызметтер жаңа бөлімшеде, сондай-ақ өткен жылы іске қосылған цифрлық банкте де қолжетімді. Цифрлық банктің көмегімен барлық daily-banking операцияларын жүргізуге болады. Оларға аударымдар, төлемдер, салық төлемдері, бухгалтерлік есеп, адамдарды жұмысқа қабылдау және жалақы төлеу жатады,-дейді банк басшысы
Бүгінгі таңда Home Credit Bank өз тұтынушыларына бәсекеге қабілетті шешімдерді ұсынады. Ыңғайлы кредит өнімдері, тегін төлемдер мен аударымдар, 17,3% мөлшерлемесі бар депозиттер, тиімді кешбэктері бар дебет карталары. 2023 жылдың өзінде Home Credit Bank клиенттері Home Card және Home Card Lite дебет карталарымен жасалынған операциялар үшін 4,3 млрд теңге мөлшерінде кешбэк алды.
Банктің нарықтағы ең үздік OZEN бөліп төлеу (0-0-6) картасы бүкіл әлем бойынша және интернет-дүкендерде сатып алулар жасау мүмкіндігін ұсынады. Енді серіктесті іздеудің қажеті жоқ. Сонымен қатар оның көмегімен әлемдегі кез келген банкоматтардан ақша алуға және мобильді қосымшада комиссиясыз аударымдар жасауға болады. Оған қоса Home Credit Bank банктік депозиттік сертификаттарды, долларлық облигацияларды, сондай-ақ әртүрлі жағдайларға арналған сақтандыру қызметтерін ұсынады. Енді мұның бәрі Түркістан тұрғындарына мобильді қосымша арқылы ғана емес, офлайн түрде де қолжетімді.
Дүйсенкүл Бұйрабаева, Түркістан қаласының тұрғыны: «Біраз уақыттан бері депозит программасымен жұмыс істеп жүрмін. Енді Хомкредитпен жұмыс істеймін. Құтты болсын ашылғаны».
Home Credit Bank филиалдық желісінің дамуы «Көмектесуге қуаныштымыз» стратегиясына сәйкес келеді және «біздің клиенттер мен қоғам сұраныстарын сапалы түрде орындап, пайдалы, таптырмас және жауапкершілігі мол маман болу» деген қарапайым формулаға негізделген.
Андреа Худа, Home Credit Bank-тің басқарушы директоры: «Біз қазір жұмыс істеуді тек үлкен қалалар мен Шымкентте ғана емес шағын өңірлерде де қолға алуға баса назар аударып отырмыз. Жұмыс тек бөлімше ашумен ғана шектелмейді. Сонымен қатар шағын қалаларда микрокеңселердің осындай кіші форматын көптеп ашуға ден қоямыз».
Home Credit Bank халықаралық PPF тобына кіреді. 2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша банк Қазақстандағы активтер мөлшері бойынша 13-ші орында. Бір жыл ішінде Home Credit Bank активтері 45,5%-ға өсіп, 800 млрд теңгеден асты. Банктің капиталы 156,8 млрд-қа жетіп, жылдың басынан 21%-ға өсті.
Осы уақыт ішінде кредиттік портфель 38,8 -ға, яғни 614 млрд теңгеге дейін жетті. Қазақстандықтар мен компаниялар банктің депозиттерінде 365 млрд теңгеден астам теңгені сақтайды. Түркістан қаласындағы жаңа бөлімшенің мекенжайы: Тәуке хан көшесі 266. Жұмыс уақыты: 9:00 – 18:00.
№ 1.2.36/40 лицензиясын 17.08.2022 ж. Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген.