10 мыңға жуық азаматтың несиесі кешіріледі

50
фото Ашық дереккөзден

Банкрот деп танылған 10 мыңға жуық қазақстандықтың 20 млрд. теңге  көлеміндегі  несиесі кешіріледі. Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, былтыр заң қабылданғалы өзін банкрот деп жариялағысы келетін 86 мың азаматтан өтініш келіп түскен. Алайда, оның 67 мыңы мақұлданбаған. Өйткені, бұл азаматтардың берешегін кешіктіріп төлеу мерзімі 12 айдан аспаған, банкпен несие рәсімдеген құжаттарын жоғалтып алғандар да бар арасында.

Ал өтініші қабылданғандардың басым бөлігі банк алдындағы берешегін 5 жылдан артық өтемегендер мен қарызы 5 млн. теңгеден асатындар. Айта кету керек, қарызы кешірілгендерге 5 жылға дейін кредит берілмейді. Оған қоса, оның қаржылық жағдайына 3 жыл бойы бақылау жүргізіледі.