Úı ANONS Лизингтің несиеден не айырмашылығы бар?

Лизингтің несиеден не айырмашылығы бар?

фото 7kun.kz

Лизингпен алған көлігін азаматтар кез-келген уақытта қайта ауыстырып ала алады. Елімізде кеше басталған жеке тұлғаларға арналған автолизингтің артықшылықтары туралы бүгін Үкіметте айтылды.

 Айта кетейік, жеке тұлғаларға арналған автолизинг жайында президент Қасым-Жомарт Тоқаев KIA Qazaqstan автомобиль зауытын ашуға арналған телекөпір кезінде айтқан еді. Соған байланысты кеше, 1 желтоқсаннан бастап пилоттық жоба іске қосылды. Әзірге сынақ ретінде жүріп жатқандықтан, кейін өзгертілуі мүмкін.

Жоба басталған күні Алматыда алғашқы шарт тіркелді. Оның шарттары заңды тұлғалармен бірдей. Бастапқы жарна – 10 пайыз, жылдық сыйақысы 15 пайызбен 3 жылға берілді. Халықаралық тәжірибеде жарнасыз да беріліп жатады. Өнеркәсіп және құрылыс министрілігі өкілдерінің айтуынша, автолизингтің қарапайым автонесиеден екі түрлі артықшылығы бар. Біріншіден, құны толық өтелмейінше, мүлік лизинг алушыға өтпейді. Меншік иесі сол күйі лизинг беруші компания болып қала береді. Оның мәнісі, лизинг алушы, яғни, тұтынушы кез келген уақытта автокөлікті лизингтік компанияға барып ауыстыруға мүмкіндігі бар.

Азамат Панбаев, Өнеркәсіп комитетінің төрағасы: «Екінші артықшылығы, лизинг берілген кезде, кредит тексерген кезде несиелік тарихы болады. Бұл жерде несие тарихының ықпалы аз болады. Яғни, лизингтен өткен адамның шарты ертеңгі күні несие тарихында ескерілмейді».

Ербол Тұрымбет