«Аналар әр отбасының бақыты, берекесі…»

67

Көктемнің алғашқы мерекелерінің бірі 8 наурыз- халықаралық әйелдер күнімен құттықтаулар редакциямызға көптеп түсуде. Солардың бірі «Саутс-Ойл» компаниясының президенті Серікжан Сейітжановтың құттықтауын қабыл алыңыздар.

 

«Қадірлі де  құрметті аналар, қыз-келіншектер!!! Сіздерді 8-наурыз Халықаралық әйелдер мейрамдарыңызбен құттықтаймын! Сіздерге зор денсаулық, бақыт, береке, ынтымақ тілеймін! Сіздер, аналар, бүкіл еліміздің, бүкіл осы Қазақстан халқының өркендеуіне атсалысып жатқан сіздерсіздер. Кеше ғана президентіміздің айтқан сөзінде, ер азаматтар, сіздер өкпелемеңіздер, сіздерден бұрын барлық жұмысты, барлығын өте ұқыпты бітіретін аналар деп айтты. Ол үлкен баға. Біз де соны білеміз. Біз сіздерді жақсы көреміз. Сіздер, мінеки әр үйдің, әр отбасының ошағы, әр семьяның бақытысыздар. Сіздердің арқаларыңызда бүкіл ынтымақ та, береке де, бақыт та болып жатады.

Ал, енді, сіздерге өсіріп отырған ұл-қыздарыңыздың, немерелеріңіздің, шөберелеріңіздің, шөпшектеріңіздің де жақсылығын көріңіздер. Елімізде ынтымақ болсын, еліміз тыныш болсын! Қазақстан елі сіздермен  бәрімізбен көркейе берсін!».