Арнайы іс-шаралар кешенінің нәтижесінде қалалық ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел уәкілдері өңірдегі жедел жағдайға кері әсерін тигізіп жүрген он адамнан тұратын топты ұстады.
Олар қару қолдану арқылы бопсалау, бұзақылық және қылмыстық істермен айналысқан. Ұсталғандардың жасы 20-25 жас аралығында.
Тұрғын үйлерді тексеру барысында атыс қаруы, оқ-дәрі және басқа да заттай айғақтар табылып, тәркіленді. Қазіргі уақытта топ жасаған қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.