Úı ANONS Шымкентте қылмыстық топ құрықталды

Шымкентте қылмыстық топ құрықталды

Шымкентте заңсыз көші-қон арнасын ұйымдастырған қылмыстық топ ұсталды. Ішкі істер министрлігі заңсыз көші-қон арналарының жолын кесу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіп жатыр. Нәтижесінде, қылмыстық топтың әрекеті әшкереленіп, қызметі тоқтатылды.

 

Тергеу барысында күдіктілердің ақшалай сыйақы үшін шетел азаматтарының ел аумағына келуін ұйымдастырып, оларды заңсыз түрде тіркеумен және заңдастырумен айналысқаны анықталды. Оларға 28 тінту жүргізіліп, дәлел-дәйектер тәркіленді.

Айта кетейік, бұл іске қатысы бар деген күдікпен 13 адам полицияға жеткізілді. Ішкі істер министрлігі көші-қон заңнамасын бұзған кез келген әрекет жауапсыз қалмайтынын ескертеді.

Нұргүл Жолымбетова