Көктемде қымбаттайтын пияздың бағасы әзірге қолжетімді

27
фото Ашық дереккөз

Шымкенттегі дүкендерде пияздың  1 келісі 126 -150 теңге аралығында сатылуда.

Ал Қызылордадағы базар мен дүкендерінде пияздың келісі 80 теңгеден басталады.  ШаҺардағы азық-түлікті тұрақтандыру қорының әлеуметтік сауда нүктелерінде 30 теңгеден сатылып жатыр.  Қалалық тұрақтандыру қорының басқарма басшысы Мейрамбек  Серікбайтың айтуынша, қазан айынан бері қоймада сақталған пияз күн күрт жылыған кезде бұзылып кетуі мүмкін.

«Былтыр 120 тонна көкөніс жарамсыз болып, қоқысқа тасталды. Қазір тұрақтандыру қорында 400 тоннаға жуық пияз бар. Аудандар өзінің жол көліктерінің шығынын есептегенде 45-50 теңгеге барып қалуы мүмкін. Ал қала бойынша барлық нүктесінде, сауда үйлерінде, базарларда 30 теңгеден өзімізге тиісті әлеуметтік магазиндер арқылы сатып жатырмыз».