Қазақстан мен ЕО шикізат материалдарын өңдейтін ортақ жобаларды жүзеге асырмақ

29
фото kazgazeta.kz

Қазақстан мен Еуропалық Одақ аса маңызды шикізат материалдарын өндіріп, өңдеуге бағытталған ортақ жобаларды белсенді жүзеге асырмақ. Брюссельде өткен бизнес форумда тараптар тұрақты шикізат, батареялар және жасыл сутегі бойынша ынтымақты күшейтіп, жол картасын жүзеге асыру жолдарын талқылады.

Еліміздің Бельгиядағы елшілігі ұйымдастырған шараға Еуропалық институттардың өкілдері, кәсіпкерлер мен ҚР Президентінің энергетика мәселелері бойынша кеңесшісі Болат Ақшолақов қатысты.

Қазақстан Еуропалық Одақпен тұрақты шикізат, батареялар және «жасыл» сутек құны тізбегі саласындағы стратегиялық әріптестік туралы меморандумға қол қойған Орталық Азиядағы алғашқы мемлекет. Келісімді жүзеге асыру үшін «Жол картасы» қабылданған. Соған сәйкес, қос тарап жасыл экономикаға, цифрлық трансформацияға өтуге бағытталған нақты жобаларды көбейтуге құлшынып отыр.