Түркістан облысында мемлекеттік қызмет көрсету көрсеткіші 89 баллға жетті

53

Түркістан облысы әкімдігінің қызмет көрсету сапасы 4 жылда 40 баллға жоғарылаған. Соңғы уақытта өңірде 5 аудан мен 5 басқармада тексеріс жүргізілді. Тексеру кезінде олқылықтар белгілі болған. Қазір оларды шешу жұмысы жүргізіліп жатыр. Нәтижесінде қызмет сапасын 90 пайызға жеткізу жоспарланған.

Түркістан облысында қызмет көрсету сапасы 89 баллға жетті. Ал мемлекеттік қызметкерлер тұрғындарға 10 млннан аса қызмет түрін көрсеткен. Оның 89 пайызы электронды түрде болса, қалғаны баламалы түрде. Мамандар көрсеткіштің оң өсімі, тапсырманың уақытылы жүзеге асқанынан екенін жеткізді.

Әсет Абдраханов, Облыстық цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы: «Басқарма мен облыстық 5 басқармаға және  5 аудан, қала әкімдіктерінің мекемелеріне ішкі мемлекеттік бақылау шаралары жүргізіліп, нәтижесінде мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бұзу бойынша деректер анықтады. Аудан, қала деңгейіндегі құқық бұзушылықтар көбіне жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерінен байқалған»

Цифрландыру басқармасы мемлекеттік мекемелерге тексеріс жүргізу барысында бірқатар олқылық байқаған. Ол сәйкесінше орган жұмысына кері әсерін тигізеді. Сондықтанда облыс басшысы көрсеркіші төмен басқармаларды сынға алды.

Дархан Сатыбалды, Түркістан облысының әкімі: «Басқа облыстар да жұмыс істейді, бірақ нақты нәтиже болу керек. Сіздердің көрсеткіш төмен. Мемлекеттік қызметтер көрсету бағытындағы көрсеткіштер бойынша үздік үштіктен түспеу керек. Бұл – нақты тапсырма, Осы саладағы жұмысты жақсарту бойынша нақты ұсыныстар берілсін»

Қазір қызмет көрсету саласындағы бұзушылықтардың алдын-алу мақсатында мамандарға құқықтық оқыту ұйымдастырылды. Оған қоса күн сайын қызмет түрлеріне мониторинг жүргізіліп тұрады. Жауапты тұлғалар бұл өңірдегі жұмыс қарқынын жақсартатынына сенімді.