Асқазанына 1 келі есірткіні жұтып, тасымалдамақ болған шетелдік азаматтар ұсталды

24
фото ҰҚК

Ұлттық қауіпсіздік комитеті «жұтқыштар» деп аталатын Қазақстанға есірткі жеткізудің кезекті контрабандалық арнасының жолын кесті.

 21 ақпанда Ақтау қалалық халықаралық әуежайында Маңғыстау облысы бойынша ҰҚКД жедел уәкілдерімен шекарашылар ЭТД қызметкерлерімен өзара әрекеттесе есірткі тасымалдау күдігі бойынша екі шетелдік азаматты ұстады.
Рентгеноскопиялық зерттеу олардың іш қуысында бөгде заттардың барын көрсетті. Арнайы медициналық процедуралармен шетелдіктердің азқазандарынан героин және синтеикалық есірткі бар 30-дан астам контейнер алынды. Алынған заттардың жалпы салмағы шамамен 1 кг болды. Сот шешімімен фигуранттарды қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.
Қылмыстық кодекстің 286-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес жария етілмейді.