ҰҚК қару арсеналы жасырылған орынды анықтады

31
фото ҰҚК

2024 жылғы 24 қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы қаласында қару арсеналы жасырылған орынды анықтады.

«Калашников» автоматтарын, тапаншалар мен мылтықтарды қоса алғанда 30 бірлік қару-жарақ, сондай-ақ 5 граната, 10 түтіндету құтысы және әртүрлі калибрдегі 221 патрон алынды.
Алдын ала деректер бойынша, табылған қару «қаңтар оқиғалары» кезінде ұрланған.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.