«Нұрсәт» шағынауданындағы ірі мешіт осы жұмада ашылмақ

109
фото Отырар.кз

Шымкентте жамағат көптен күткен мешіттің ашылуы  осы аптаға жоспарланған.

Нұрсәт шағынауданындағы «Сейітжан қари Есжанұлы» атындағы ірі мешіт  ағымдағы жылдың  24-ші мамырында ашылмақ.  Ұйымдастыру алқасының таратқан шақыртуында  мешіттің  салтанатты ашылуы сағат 13.00-ге белгіленген. Айта кететін жәйт,  алдын мешітті ашылуы сәуірдің 12-не жоспарланған болатын. Алайда еліміздегі кейбір аймақтарында орын алған су тасқынына байланысты ашылу салтанаты кейінге шегерілген еді.

Ел аумағындағы ең ірі мешіт кешенінде  бір мың орынға лайықталған конгресс-холл, неке қию сарайы, ислам тарихының мұражайы, әйелдерге арналған оқу орны, медресе, кітап оқитын залы бар кітапхана, әкімшілік бөлмелер, телеорталық, фитнес орталық пен бір  мың орынға шақталған асхана қарастырылған.

Мешіт ғимаратына  бірден 12 мыңға жуық мінәжәт етушілердің сыю мүмкіндігі бар. 12  гектар алаңда бой көтерген мешітті желдету үшін жазда  залалсыздандыру және  салқындату, қыста жылыту үшін арнайы жабдық арқылы өтетін табиғи ағында ауа қолданылады. Бұл технология Мәскеудегі метроның құрылысы барысында қолданылған. Ақ мешіттің құрылысында Қожа Ахмет Ясауи  кесенесін салу кезінде қолданылған ерте кездегі сәулет технологиялары да  ескерілген.

Мешіттің  аумағында автотұрақ  салынған.  Мұнда үш деңгейлі жерасты паркингі, лифт, эскалаторлар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған паркинг те  қарастырылған.