Бәйдібек ауданында жазық даладағы құрғақ шөп өртенді

1

Түркістан облысы Бәйдібек ауданында 5 гектар алаңда құрғақ шөп өртенді. Оқиға Ынтымақ ауылынан 5 шақырым қашықтықта болған. 

Оқиға орнына дереу жеткен өрт сөндірушілер қызыл жалынды толығымен сөндірді. Зардап шеккендер жоқ.

Мамандар төтенше жағдай орын алған кезде 101 немесе 112 нөміріне хабарласу керектігін еске салады.

(Фото: ТЖМ)