Қарбыздан уланып қалмау үшін не істеу керек?

1
фото Отырар.кз

Базар сөрелері қазір қарбыз-қауын сынды маусымдық көкөністерге толы. Мамандардың сөзінше негізгі өнім таза пісетін уақыт тамыз айына тура келеді. Сондықтан тағам тұтынарда сақ болуға шақырады.

Ресми мәліметке сәйкес қарбыздың нағыз маусымы тамыз-қыркүйек айлары. Алайда базарлар мен дүкен сөресінде мамыр айынан бастап аталған көкөніс түрі көріне бастады. Кәсіпкер Бақтияр Жүзгенбаев бұл бизнес түрін жақында бастадым дейді. Ол өзіміздің жергілікті таза өнімдерді ғана сататынын айтады.

«Қарбыз Шардараныңкы. 170 теңгеден сатылып жатыр. Қауындар да Шардараныңкы. Сатып жатқанымызға 2 аптадан асты. Базарға алып келіп жатырмыз. Бізде тек Қазақстандық, таза өнімдер сатып жатырмыз», – дейді кәсіпкер Бақтияр Жүзгенбаев.

Санитарлық дәрігерлер қарбызда нитрат мөлшерінің тиісті шегі 1 келісіне 60 мг-нан аспау керек дейді. Ал бұл көрсеткіш қауында 90 мг/кг, қызанақта 300 мг/кг, қияр мен сәбізде 400 мг/кг-ға дейін рұқсат етілген. Мамандар тыңайытқыш қалдығы шамадын тыс болса түрлі жайсыздықтарға алып келетінін айтады.

«Уланғанның кез келген түрінде жүрек айнып, құсу белгілері пайда болады. Шаршау, бас айналу, іш өту, кейбір жағдайда тырнақ, ерін, беттің көгеруі байқалады. Мұның бәрі улануға алып келеді», – дейді Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Ақбота Исабекова.

Ақ қалаттылар, көкөніс құрамындағы ниттартар тыныс алу жолына зардабын тигізетінін айтады. Сондықтан, қарбызды сатып алғаннан кейін салқын суға сода қосып, сонда 1 сағатқа салып қоюға кеңес береді. Сонда зиянды заттар 25-30%-ға кемиді