«Азаматтарға арналған үкімет» Шымкентте жаңа неке қию залын ашты

фото ХҚКО

 

Шымкент тұрғындары енді жаңа салтанат залында неке қию рәсімін өткізе алады. Бұл жерде неке қиюдан бөлек, баланың туу туралы куәлігін де табыстайды. Сонымен қатар, отбасылық өмірдің мерейтойларын салтанатты түрде атап өтуге болады.

«Жаңа, заманауи және кең зал қаламыздың көрнекті белгісіне айналады деп сенемін. Бұл жерде шымкенттіктер жаңа отбасының шаңырақ көтеру күнін ғана емес, сонымен қатар күміс, алтын және гауһар тойларын да салтанатты түрде атап өте алады», – деді «Азаматтарға арналған үкімет» Шымкент қаласы бойынша филиал директоры Айнұр Тобаева.

Салтанатты іс-шараларды өткізу үшін кең зал жабдықталған, сондай-ақ, қалыңдық пен күйеу жігітке арналған бөлме бар. Салтанатты рәсімді АХАТ қызметкері өткізеді. Сонымен қатар, некені барып тіркеу қызметі де қарастырылған.

Бұл қызмет ақылы түрде көрсетіледі. Рәсімге ақы төлеу прейскурант бойынша жүзеге асырылады.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап АХАТ функциялары Мемлекеттік корпорацияға берілді. Некені тіркеу туралы өтінішті АХАТ бөліміне 15 күн бұрын тапсыру қажет. Сондай-ақ, электронды үкімет порталы және екінші деңгейлі банк қосымшалары арқылы өтініш беру мүмкіндігі бар.

Анықтама:
АХАЖ бөлімінің мекенжайы, Асар-2, «Tolebi» СО
Жұмыс кестесі: ДС-ЖМ, 9.00-ден 18.00-ге дейін үзіліссіз.