Бақытжан Позилов қалалық мәслихат депутаты болып сайланды

51
фото Отырар.кз

Шымкентте мәслихаттың кезекті сессиясы өтті. Жалпы отырыста Бақытжан Жолдасбекұлы Позилов әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссия құрамына сайланды. Ол VIII шақырылымдағы мәслихат депутаты болды.

Жиында Шымкент қаласының 2023 жылғы бюджетінің атқарылуы жөніндегі есебі айтылды. Өткен жылы бюджет қаржысының 1 млрд. 673 млн. теңгесі игерілмеген. Оның 456 млн. теңгесі субьективті себептермен қалған.

Сондай-ақ, жиында екі депутаттың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылданды. Мерлан Керімжанов пен Жанар Бектаева депутаттық орнын босатты. Ал босаған дептутаттық қызметке Позилов Бақытжан Жолдасбекұлы сайланды. Ол енді әлеуметтік сектор бойынша ел игілігіне қызмет етеді.