Шымкентте өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша турнир өтеді

фото Отырар.кз

 

Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің қолдауымен 2024 жылғы 10-15 маусым аралығында Шымкент қаласында өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша ерлер мен әйелдер құрама командаларының арасында Қазақстан Республикасының кубогына VII турнир өтеді.

Турнирге еліміздің 300-ге жуық спортшылары қатысады. Жарыс төрт дисциплина бойынша өтеді: шабуыл сатысымен көтерілу, кедергілері бар 100 метрлік жолақтан өту, 4х100 м өрт эстафетасы және жауынгерлік қанат жаю.

Турнир Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы орталық стадионында және Темірлан тасжолы 18 мекенжайы бойынша орналасқан мамандандырылған жасақ аумағында өтеді.