Мемлекеттік рәміздер күні балалар да елеусіз қалмады

1
фото Отырар.кз

Мемлекеттік рәміздер күнінде кішкентай бүлдіршіндер де елеусіз қалмады. Мерекеге орай Шымкенттегі «Достық үйінде» балақайлар үшін ерекше іс-шара өтті. Ғимарат алаңында балалар үшін арнайы батуттар құрылып, бірқатар ойын алаңы ұйымдастырылды. Шара барысында ұлттық нышандарға қатысты сұрақтар қойылып, оған дұрыс жауап берген жеткіншектерге естелік сыйлықтар табысталды. Қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйытқы болған іс-шарадан балақайлар көтеріңкі көңіл күймен қайтты.