Úı ANONS Елдос Сметов финалға шықты

Елдос Сметов финалға шықты

Фото: Сали Сабиров Olympic.kz.

Дзюдодан Қазақстан командасының үздігі Елдос Сметов Париж Олимпиадасының финалына шықты, деп хабарлайды Olympic.kz.

Жартылай финалда Елдос әлем әрі Еуропа чемпионы, испаниялық Франсиско Гарригосты ұтты.

Кездесу қосымша уақытқа дейін жалғасып, Сметов «иппон» ұпайымен жеңіске жетті.

(ФОТО: Сали Сабиров)