Мешіт жанынан заңсыз құрылыстар жүргізілуде

33
фото СА ӘБҚ

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты Сарыағаш аудандық орталық мешітінің ұйымдастыруымен аудан әкімі Арман Абдуллаевтың және құқық қорғау органдарының қатысуымен еркін форматта жиын болып өтті.

Жиын барысында соңғы кездері әр елді мекендердегі мешіт жанынан діни сауат ашу деген атаумен шағын медресе салу үрдіске айналып, жергілікті тұрғындардың көмегі (садақа жинау) арқылы мешіт жанынан заңсыз құрылыстар жүргізілуде. ҚМДБ жарғысына сәйкес, мешіттер жанынан сауат ашу курстарын жүргізу мектеп оқушыларының жазғы немесе қысқы демалыс уақытында, ата-аналарының ресми келісімі негізінде жүзеге асырылады және тек қана күндізгі уақытта оқытылатыны туралы талқыланып, ой-пікірлер ортаға салынды.
Жиынды қорытыдылай келе, аталған жайттарды ескере отырып, аудан әкімдігі тарапынан аудан аумағындағы жер учаскесіне құжаттары рәсімделмеген мешіттерді құжаттандыру және мешіт құрылысын жобалау мен салу мәселелерін реттеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру мақсатында жұмысшы топ құрылып, заңсыз әрекеттердің барлығы алдағы уақытта жұмысшы топтың мүмкіндіктері арқылы жүргізу бойынша тиісті тапсырмалар берілді. Сонымен қатар, аудан әкімі имамдарға мешітке келетін жамағатқа, түрлі деңгейдегі астарда елді бірлікке, ынтымаққа шақыруда жүйелі жұмыс жүргізу керектігін атап өтті. Кездесу соңында аудан әкімі Арман Абдуллаев дін өкілдері тарапынан айтылған барлық ұсыныстарына қолдау көрсететінін жеткізді.
Айта кетсек, ауданда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 91 мешіті және 6 намазхана тұрғындарымыздың игілігі үшін жұмыс жасап келеді. Бұл облыстағы мешіттердің 4/1 бөлігін құрап отыр. Мешіттерде білікті де білімді имамдар уағыз айтып, өздеріне тиісті жұмыстарды атқарып келеді.