«Ордабасы» индустриялық аймақтағы өрт оқшауланды

56

Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерінің күшімен «Ордабасы» индустриалды аймағында шыққан өрт оқшауланды. Қазіргі таңда оқиға аумағына инертті материалдарды төсеу жұмыстары жалғасуда.

Төтеншеліктер әуе-мехникалық көбік беру арқылы ашық өрт ошағын сөндіруді жалғастырып жатыр. Оқиға орнында өртті сөндірудің үш жауынгерлік учаскесі ұйымдастырылды.

Эвакуацияланған адамдар туыстарының үйлеріне оралды.

«ТЖМ, ЖАО, ӨККД, 102, 103, СЭС жеке құрамынан 300-ге жуық адам, 100-ден астам техника және ҚТЖ 1 өрт сөндіру пойызы жұмылдырылды. Өрттің себебі анықталуда»,-делінген ТЖМ мәліметінде.

Еске салсақ, 27 шілдеде Еңбекші ауданындағы «Ордабасы» индустриялық аймағында техникалық газ күкірті тұтанып, өрт шықты. Өрт 1200 шаршы метр аумақты қамтыды. 

Сол маңдағы «Шаңырақ» шағынауданының тұрғындарын қауіпсіз жерге эвакуацияланды.