Тазартылған сарқынды сулар сақталатын Бөржар жинақтағышының айналасындағы экологиялық жағдай жақсаруда. Тоғанға хлорелланың жаңа партиясы құйылды. Петропавл су зерттеу ғылыми-техникалық орталығынан Шымкентке 920 литр арнайы сұйықтық жеткізілді. Бұл 2024 жылдың басынан бастап өсірілген микроорганизмдердің 4 партиясы.
«Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС әкімшілігінің жүйелі іс-шараларының арқасында тазарту құрылыстары кешені мен Бөржар жинақтағышының айналасындағы экологиялық жағдай жақсаруда. Жақын маңдағы тұрғын үй алаптарының тұрғындарына жайлылықты қамтамасыз ету үшін қомақты қаражат жұмсалуда.
Ағынды суларды тазартуда жағымсыз иісті жою үшін қымбат компоненттер қолданылады. Мысалы, Айдро өнімі, түрлі биологиялық қоспалар және хлорелла.