Шекараны бұзған 35 шетел азаматы ұсталды

33
фото egemen.kz

ҰҚК Шекара қызметі Мемлекеттік шекараны күзету мен қорғауды қамтамасыз ету аясында 2024 жылғы шілдеде құзырлы органдармен өзара әрекеттесе отырып:

  • шекара кеңістігінде 4 560 Қазақстан Республикасының заңнамаларын бұзушылары ұсталды, соның ішінде:

35 шетел азаматы шекараны бұзғаны үшін ұсталды;

38 шетел азаматымен шекараны бұзу әрекеттерінің жолы кесілді.

  • Мемлекеттік шекара арқылы 1 612 заңсыз алып өту фактілерінің алды алынды, соның ішінде:

51 – есірткі заттары;

111 – ату қаруы мен оқ-дәрілер (2 дана пневматикалық және 206 дана суық қарулары, 77 дана оқ-дәрілер);

26 – діни әдебиет (5 351 дана);

424 – жалпы сомасы 17 млн теңгеден асатын жанар-жағармай материалдары (37 000 литрден астам);

835 – жалпы сомасы 2,6 млрд теңгеден астам халық тұтыну тауарлары;

165 – жалпы сомасы 1,4 млрд теңгеден астам шетел валютасы.

  • Каспий акваториясында 39 браконьерлік фактілерінің алды алынды, сондай-ақ:

27 дана жүзу құралдары;

жалпы ұзындығы 16,2 км торды құрайтын браконьерлік аулау құралдары;

12 дана (4,5 кгбекіре тұқымдас балықтар;

3 481 дана (9 723 кгтаза тұқымдас балықтар;

82 дана суда жүзетін тасбақалар;

12 дана суда жүзетін құстар;

1 дана каспий итбалығы.

Алды алынған залал сомасы 42,5 млн теңгені құрайды.

Бұл фактілер бойынша материалдар бұзушыларды жауапкершілікке тарту үшін құқық қорғау және сот органдарына жіберілді.