Шымкент қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында кәмелетке толмаған баланың заңды өкілі А.-ға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 442-бабының 3-бөлігімен (кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы) іс қаралды.
Сотта анықталғандай, 2024 жылғы 9 тамызда сағат 23:30 шамасында кәмелетке толмаған 2011 жылы туған Б. заңды өкілі А.-ның қарауынсыз Шымкент қаласы, Ақназархан көшесінің бойында жүрген. Аталған құқық бұзушылық бір жылдың ішінде екі рет қайталанған.
Құқық бұзушының кінәсі іс-құжаттарымен қоса өзінің берген түсінігімен, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамасымен, полиция қызметкерлерінің баянаттарымен және тағы басқа да іс бойынша жинақталған құжаттармен толық дәлелденген.
Сот, А.-ға ӘҚБтК-нің 442-бабының 3-бөлігімен, 18 091 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл жазасын тағайындады. Қаулы заңды күшіне енген.