Он екі мыңнан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған

182
әкімшілік жазаға тартылғандар көп

Жыл басынан бері Оңтүстік Қазақстан облысында заңсыз көші-қон ұйымдастыру бойынша және мемлекеттік шекарадан заңсыз өту бойынша 6 қылмыстық іс қозғалды. Ал өткен жылы 12 174 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Жазаланғандардың 8242-і шетел азаматтары болса, 3932-і Қазақстан азаматтары.

әкімшілік жазаға тартылғандар көп

Аталған құқықбұзушылардың 6407-іне әкімшілік айыппұлдар салынып, 5073-і шетелдік әкімшілік қамауға алынған. Сонымен қатар төлқұжат немесе тіркеу ережелерін бұзған – 2809, шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланған – 281, нақты тіркелген мекенжайы бойынша тұрмайтын жеке тұлғаларды, шетелдіктерді өз меншігіндегі тұрғын үйге тіркеген – 82, шетелдіктерді заңсыз тұрғын үймен қамтамасыз еткен – 699 отандастарымыз әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Көші-қон заңдылығынан тыс әкімшілік құқықбұзушылық жасаған 24 адам шетелдік азаматтық тәртіппен сот шешімдері арқылы ел аумағынан аластатылған.