Түркістан облысы Полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде құрамында есірткі заты бар өсімдікті сақтау дерегі бойынша күдіктіні ұстады.
Полиция Жетісай ауданы тұрғынының ауласын тінту кезінде қағазға оралған және 5 дана полиэтилен пакетке салынған хош иісті затты тауып, тәркіледі. Табылған зат шамамен 500 грамнан астам марихуана екені расталды.
Қазіргі таңда күдікті ер адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.