Прокурорлық ден қою шараларымен әрекет қабiлеттiгi жоқ адамның құқықтары қорғалды. Қаскүнем, жас қыздың әрекет қабiлетсiздiгiн пайдаланып, 600 мың теңге тұратын IPhone ұялы телефонын сатып алуға несие рәсімдеп, оны өз бетінше өтеуге уәде берген.
Телефонды сатып алғаннан кейін оны ломбардқа тапсырып, сатудан түскен қаражатты өз қажеттіліктері үшін пайдаланған.
Алматы ауданы прокурорының талап қою арызы негізінде сот әрекет қабілеттігі жоқ адам мен банк арасындағы шартты жарамсыз деп танып, жәбірленушінің құқықтары қорғалды. Сот шешімі заңды күшіне енді.