Криптовалютаны банктерде сатып алу мүмкіндігі қарастырылуда

50

Биткоин секілді криптовалюталарды сату, сатып алу, ауыстыру секілді қызметтер еліміздің банктерінде пайда болмақ.

Астана халықаралық қаржы орталығының хабарлауынша пилоттық жобаны іске қосу үшін мемлекеттік органдармен тиісті жұмыстар жүріп жатыр. Жақында қазақстандықтар криптовалютаны банктерде де сатып алып, немесе оны кәдімгі ақшаға айырбастау секілді қызметтерді ала алады.

Шынар Оразова