Түркістан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ұйымдастыруымен «Отбасылық қатынастарынан туындайтын даулар бойынша, оның ішінде ерлі зайыптылардың ортақ балалары бар неке бұзу істерінің мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Дөңгелек үстелге Түркістан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы С.Нахипов, Түркістан қаласының білім бөлімнің өкілдері, Түркістан қалалық АХАТ бөлімінің өкілдері, психолог-маман, адвокаттар мен медиатор және сот қызметкерлері қатысты.
Дөңгелек үстелде судья С.Нахипов қатысушыларға өз баяндамасын жеткізіп.
Сотқа неке бұзу талап қою арыздармен жүгінуші ерлі-зайыптылар саны көбейіп, биыл 2024 жылдың 9 айында заңды некені бұзу туралы 1170 талап қою арыз түскенін айтты.
Қазақстан Республикасының неке және отбасы туралы Заңының 19-бап некені сот тәртібімен бұзу жолдарын айтып өтті.
Отбасылық-неке қатынастарынан туындайтын дауларды қарау кезінде кәмелетке толмаған балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелеріне тоқталып, отбасы құндылықтарын сақтау мақсатында медиатордың техникасымен ерлі-зайыптыларды заң шеңберінде медияция заңымен татуластыру арқылы бітімге келтіру жолдарын түсіндіріп өтті.
Қоғам мен мемлекетте ерекше маңызды орын алатынын отбасы қатынастарында бала мүддесі басты назарда болуын дөп басып айтып өтті.
Іс-шара соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, іс-шараның өзектілігін жұмыс барысында кездесетін бір қатар мәселелерді шешуге мүмкіндіктерін бергенін атап өтіп, ерлі-зайыптылырды барынша медияция жолымен шешуге үлес қосып, бала мүддесі маңызды мәселе екенін айтып, адвокат, психолог тарапынан қойылған сұрақтарына жауаптар берілді.