Заңгер: «Күйеуіңіз боқтаса, айыппұл арқалайды»

476

Күйеуіңіз сізге былапыт сөздер айтса, не істеуге болады? Редакция заңгеріне кезекті оқырман өз сауалын жолдады.

Оқырманның жазуынша, күйеуі боқауыз сөзді жиі айтады. Тек үйде емес, көшеде, кафеде, тіпті қонаққа барған кезде де көпшіліктің көзінше ұятқа қалдырады екен.

«Қазір былапыт сөз айтқаны үшін айыппұл салынатын болды ғой. Күйеуіме айыппұл салдырта аламын ба?»,-делінген сауалда. 

Редакция заңгері Венера Нұрғалиқызының айтуынша, мұндай әрекеті үшін ер адам айыппұл арқалайды.

«Ия, күйеуіңіз сіздің абыройыңызды төгіп, ар-намысыңызға, қадір- қасиетіңізге нұқсан келтіріп, көпшілік алдында ұялтса, ол Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 131-бабына сәйкес 345 000 теңге көлемінде (100 АЕК) айыппұл төлейді. Немесе түзеу жұмыстарына не 120 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға жазаланады»,-деді заңгер.