Қазақстанда алғаш рет сапалы түрік жиһазын сататын «Divanev» салоны ашылды

99
«Divanev» түрік жиһазын салоны

Сапалы түрік жиһазын сататын «Divanev» бренді енді Қазақстанда! Мұнда жоғары сападағы дивандар, кереуеттер, матрастар мен төсек жабдықтары ұсынылған. Ең бастысы заманауи дизайндағы жиһаздарды қолжетімді бағада таба аласыз!

Шымкентте сапалы түрік жиһазын сататын «Divanev» салоны ашылды. 50 жылдық тарихы бар «Yataş Grup»-тың қарқынды дамып келе жатқан бренді Қазақстанда алғаш рет өз жұмысын бастады. Елімізде ашылып отырған «Divanev» жиһаз салонының бірінші дүкені сатып алушыларды жоғары сапасымен таңқалдырды.

Равшан Абдуллаев, сатып алушы: «Біз жұбайым екеуіміз үйімізге жиһаз қарауға келдік. Ертең балалармен келіп, таңдаймыз. Бізге қатты ұнап жатыр. Жиһаздардың жоғары сапада жасалғаны көрініп-ақ тұр. Қаламызда осындай дүкеннің ашылғанына қуаныштымыз».

«Divanev» салоны «Рашидов» көшесінің бойынан ашылды. Аумағы 3000 шаршы метр болатын дүкенде ерекше дизаиндағы түрік жиһаздары сатылады. 3 қабатты ғимаратта кез-келген талғам мен бюджетке сай келетін кең ассортимент ұсынылған.

Өскен Жанәбіл, «Divanev» жиһаз салонының қызметкері: ««Divanev» бренді бүгінде Қазақстанда, қаламызда алғаш рет ашылып отыр. Бұл жерде жиһаздың 100-ден аса коллекциясы бар. Түркияның заманауи жиһаздарының бірі. Келіңіздер, есігіміз әрқашан ашық. Бүгіннен бастап әр клиентімізге сыйлығымыз бар. Жеңілдігіміз бар».

Дүкеннің ашылу салтанатына «Yataş Grup» компаниясының өкілдері арнайы келді. Түркиялық қонақтар «Divanev» жиһаздарының жоғары сапалы материалдардан жасалатынын атап өтті.

Онур Байкал, «Yataş Grup» компаниясының өкілі: «Бұл — «Divanev» жиһаз салондарының Түркиядағы нүктелерінен кейінгі, ең үлкен дүкені. Сондықтан, толқып тұрмын. «Divanev» — «Yataş Grup» бренді. Бұл Түркиядағы 50 жылдық тарихы бар, үлкен компания. Бүгінде «Divanev» бренді 50-ден астам мемлекетте ашылған. Алда олардың санын көбейтуді жоспарлап жатырмыз».

«Divanev» салонында үйіңізге арналған стильді және сапалы жиһаздардың кез-келген түрін таба аласыз! Дүкенде тіпті қыз жасауына қажетті кереует пен төсек жабдықтары да ұсынылған. Ал, ең бастысы Түрік брендінің Қазақстандағы алғашқы дүкені заманауи дизайндағы жиһаздарды қолжетімді бағада ұсынады!