TikTok-тағы контент адам өміріне қауіпті! Сенат депутаты Геннадий Шиповских стрим жастардың психологиясына кері әсер етіп отырғанын айтып дабыл қақты.
Ал онлайн батлда жеңіліс тапқан адамға жеңімпаз түрлі тапсырма береді. Сәйкесінше ол кей жағдайда адам денсаулығына зиянын тигізіп жатады. Осылай деген сенатор Үкімет басшысының атына депутаттық сауал жолдады.
«Бірінші — Tik Tоk экстремизм, радикализм және сепаратизмді, тым қауіпті және моральдық құндылықтарға қайшы келетін мазмұнды анықтау мен шектеудің нақты алгоритмін ұсынады. Екіншіден, TikTok платформасы кішкентай балаларды қауіпті онлайн мазмұннан қорғау мақсатында YouTube Kids сияқты балаларға арналған арнайы желіні ұсынады. Үшіншіден, 13 жасқа дейінгі балалар ата-анасының телефонынан TikTok қолданбасына кіретін болса, Face ID технологиясын қолдана отырып, оларды блоктау механизмін қарастыру, ондай болмаған жағдайда бұғаттауды сұраймыз», — дейді ҚР Парламенті Сенатының депутаты Геннадий Шиповских.