АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың медициналық қызметтерге қолжетімділігін кеңейту – біздің басты міндетіміз

24
фото Отырар.кз

 

Биыл 1 желтоқсан Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні, Дүниежүзілік науқан аясында 20 қараша мен 1 желтоқсан аралығында «Дұрыс жолды – адам құқықтарының жолын таңдаңыз» ұранымен өтеді.

Шымкент қаласындағы ЖИТС орталығында 1881 науқас диспансерлік есепте тұрса, оның 1834-і антиретровирустық ем алуда, олардың 90%-ы вирустық супрессияға қол жеткізген. Емдеу заманауи препараттармен біріктіріле жүзеге асырылады және қолайлылығы күніне бір рет бір таблетканы қабылдаудан тұрады.

Зертханалық бақылау АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың  иммундық жағдайын оның ішінде ауырлық дәрежесін, басқа да қатар жүретін аурулардың болуын, антиретровирустық терапияны қолдануды ескере отырып,  орталықтың зертханасында жабдықталған жаңа,  жоғары технологиялық  цитометрді — пайдалана отырып,  жүзеге асырылады. Цитометрді тек АИТВ-мен ауыратын науқастарда ғана емес, сонымен қатар басқа иммун тапшылығы жағдайында, аутоиммунды, аллергиялық патологияларда, онкологиялық ауруларда диагностикада қолдануға болады.

Зертханалық тәжірибеге соңғы жаңа зерттеу әдістерін енгізу клиникалық диагнозды айтарлықтай жақсартуға және емдеудің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Заманауи анализатордың көмегімен алынған пациенттердің иммундық жағдайын зерттеу нәтижелері дәрігерлерге науқастың жағдайы туралы толық клиникалық ақпаратты алуға және емдеуді уақтылы түзетуге мүмкіндік жасайды. Дәрігерлер алған барлық ақпарат ауруға сәтті қарсы тұруға және оның дамуын болдырмауға, сондай-ақ емдеу процесін бағалауға және бақылауға көмектеседі.

«Шымкент қаласының медицина қызметкерлері АИТВ жұқтырған адамдарға қатысты таңбалау (стигма) мен кемсітушілікті азайту мақсатында ауқымды жұмыс атқаруда. Біз пациенттеріміздің АИТВ-ның диагностикасына, емдеуіне және алдын алуға қатысты құқықтарын қорғауды әрқашан жақтаймыз», — дейді бас дәрігер Б.Сырбек.

Антиретровирустық терапияға қолжетімділіктің артуы және денсаулық құқықтарын құрметтеу, қазірдің өзінде АИТВ-мен байланысты сырқаттанушылық пен өлім-жетімді азайтуға әкелді. Антиретровирустық терапияны қабылдау АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға толыққанды сау өмір сүруге және оның сапасын айтарлықтай жақсартуға ықпал етеді. АИТВ-ға қолжетімді тестілеу Сіздің мәртебеңізді білуге ​​және емделуге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Қабылданған шаралар жүкті әйелдерде АИТВ-ны дер кезінде анықтауға және көп жағдайда инфекцияның анадан балаға берілуіне жол бермеуге көмектеседі. Шымкентте бүгінге дейін АИТВ індетін жұқтырған әйелдерден дені сау 686 сәби дүниеге келген.