Бәрі қымбаттайды, бірақ жалақы өспейді?

25

Келер жылы Қазақстанда ең төменгі жалақы тағы да өзгеріссіз қалмақ. Мұнымен 85 мың теңгені құрайтын еңбекақы екінші жыл қатарынан сол қалпы. Алайда азық-түлік, керек-жарақ және қызметтер қымбаттап жатыр. Ranking.kz ақпараттық порталдың дерегінше, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері 5 пайызға, қызмет көрсету 13 пайызға, ал коммуналдық төлемдер өткен жылмен салыстырғанда 15 пайызға көтерілген. Мұнда енді әлеуметтік көмекке мұқтаж қазақстандықтардың қатары тек артады деуге болады. Ел экономикасына жүк салмас үшін қайдан не алуға болады? Не шара? 

Қазақстанда келер жылы ең төменгі жалақы көрсеткішін өзгерту жоспарда жоқ. Ал бұл ретте әлеуметтік төлемдер өсіп жатыр.

Сонымен, ең төменгі жалақы өзгеріссіз қалады және 85 мың теңгені құрайды. Ең төменгі мемлекеттік базалық зейнетақы 32 360 теңгеге дейін өседі. Ең төменгі зейнетақы 5 мың теңгеге көтеріледі. АЕК 3932 теңгеге дейін жетеді. Әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейі 3 мың теңгеге өсіп, 46 228 теңгені құрайды.

Иә, төменгі жалақы көрсеткіші өспейді. Дегенмен әлеуметтік бағдарламаларға жүктеме артуы ықтимал. Ондай болса жәрдемақыны қажет ететіндер көбейеді. Қазір атаулы әлеуметтік көмекті 403 мың адам алып жатыр, бұл бір ай бұрынғы деректен 10 мыңға көп. Мұны алу үшін жанұя мүшесінің бірі жұмыс жасау керек.

Айгерім Нұрбекова, Мансап орталығының бөлім басшысы: «Қазіргі таңда енді біз жалпы бірінші сұраймыз. Сіздің қандай жұмысқа қабілетіңіз бар деп? Сонымен қатар, таңдамаймыз жұмысты, ол кісі өзі таңдайды. Сондай-ақ бізде 3 айлық курстар бар. Курспен де қамтамасыз етеміз. Және ол отбасылардың ішінде грант алған отбасылар да бар». 

Биыл атаулы әлеуметтік көмекке 54 млрд теңге бөлінген, бірақ бұл әр отбасыға шаққанда соншалықты көп болмайды дейді, әйелдер ісі бойынша ұлттық кеңес мүшесі Гүлнәр Умарова.

Гүлнәр Умарова, Әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық кеңес мүшесі: «Адамдарды түрмелерде ұстауға бөлінетін қаржы балаларға қарағанда көп. Көпбалалы аналар – олар да тәрбиелеуші. Оларды оқыту арқылы тәрбиелеушілермен теңестіріп, минималды жалақы беру қажет». 

Экономист Жәнібек Айғазиннің пікірінше азаматтарды әлеуметтік қамтамасыз етуді азайту оларды жұмыспен қамту арқылы ғана мүмкін болады.

Жәнібек Айғазин, экономист: «Әлеуметтік төлемдер мемлекеттік бюджеттің 20%-ын құрайды, ал егер оған денсаулық сақтау мен білім беруді қосатын болсақ, бюджеттің жартысы болады. Мұны мемлекет міндетті түрде төлеуге тиіс, себебі өзгертуге болмайтын заң шарты, оларды оңтайландыру мүмкін емес».