Келесі жылдан бастап елде ең төменгі жалақы-60 мың теңге болады

117

Келесі жылдың бірінші қаңтарынан бастап елде ең төменгі жалақы – 60 мың теңге болады. Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемінің мөлшері – 21 907 теңге деп белгіленіп отыр. Ал, ең төменгі зейнетақы – 53 076 теңгені құрайды.

Айлық есептік көрсеткіш – 3 450 теңге болмақ. Еске салайық ол жәрдемақыларды, айыппұлдар мен салықты, басқа да әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін қолданылады. Сонымен қатар жасына байланысты және еңбек өтілі үшін зейнетақыға бөлінетін қаражат 10,5 процентке ұлғаяды. Мұның бәрі тиісті заң жобасына енгізілген. Құжат қазір талқыланып жатыр.