2023 жылы ең төменгі жалақы -70 мың теңге

80
Қос бөлімде 40-тан аса мемлекеттік қызметкер жұмыс жасайды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «2023 – 2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңға қол қойды.

Заң аясында 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап бірқатар көрсеткіш өзгереді. Олар:

ең төменгі жалақы – 70 000 теңге;

ең төменгі мемлекеттік базалық зейнетақы – 24 341 теңге;

ең төменгі зейнетақы – 53 076 теңге;

айлық есептік көрсеткіш – 3 450 теңге;

ең төменгі күнкөріс деңгейі – 40 567 теңге.

Айта кетері, бұған дейін сенат осы заңға бірқатар өзгеріс енгізіп, мәжіліске  қайтарған  болатын. Атап айтқанда, 71,8 миллиард теңгені құрайтын 57 түзету енгізілді. Соның ішінде 2023 жылы – 30 миллиард теңге, 2024 жылы – 29 миллиард теңге, ал 2025 жылы – 12,8 миллиард теңге. Бұл шығыстар автокөлік жолдарын дамытуға, халықты ауыз сумен және табиғи газбен қамтамасыз етуге, сонымен қатар өңірлерді қолдауға бағытталған.