«Инвесторларды қорғау жөніндегі прокурорлық сүзгі» жобасының маңыздылығ түсіндірілді

22
фото САӘБҚ
Бүгін Сауран аудандық прокуратурасының бастамасымен инвесторлардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша кездесу өтті. Шараға Түркістан облысы прокурорының орынбасары Саян Келдібеков, Сауран ауданының прокуроры Ғалымжан Құдайқұл, аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Букебаев, кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшысы Сұлтанғали Шакиров, аудан кәсіпкерлері, тағы да басқа қонақтар қатысты.
Жиынды аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Букебаев ашып, жүргізіп отырды.
Кездесудің мақсаты проблемалық мәселелерді талқылау және инвестициялық ахуалды жақсартуға бағытталды. Шара аясында «Инвесторларды қорғау жөніндегі прокурорлық сүзгі» жобасы түсіндірілді. Жоба инвесторларға мемлекеттік органдар тарапынан салынатын тыйымдар және шектеу шараларын қамтиды. Жобаның басты мақсаты — инвестициялық жобаларды прокурорлармен сүйемелдеу тетігін жетілдіру және профилактиканың тиімді құралдарын енгізу болып табылады.
Жиын барысында инвесторлар бизнес ахуалдың жақсарғанына тоқталып, өңірдегі инвестициялық жобаларды жүзеге асуы бойынша мәселелер талқыланды.