Мұраға қалған мүлік талас тудырды

25
фото kz.otyrar.kz

Шымкент қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Шымкент қаласының Еңбекші ауданы прокурорының жауапкерлер А.-ға, екі нотариустерге сатып алу-сату келісім-шартының бір бөлігін, заң бойынша мұраға құқық туралы куәлігін жарамсыз деп тану және басқа да талаптармен берілген талап қоюын қарады.

Сотта анықталғандай, жауапкер А. мен Л. арасындағы неке 2008 жылғы 18 қарашадағы сот шешімімен бұзылған. Олардың 2002 жылы және 2007 жылы туған қыздары бар. Осыдан кейін, Л.-ның атына жылжымайтын мүлікке меншік құқығы тіркелген. Л. қайтыс болуына байланысты мұра ашылған.
Жауапкер А.-ның арызы бойынша нотариуспен жоғарыда аталған жылжымайтын мүлікке бұрынғы ерлі-зайыптылардың некеде тұрған жинаған ортақ мүлкіндегі ½ үлеске меншік құқығы туралы куәлік берілген.
Сонымен қатар, нотариуспен мұра қалдырушы Л.-ның аталған жылжымайтын мүлігіне, оның кәмелет жасына толмаған 2007 жылы туған қызына ½ үлесіне заң бойынша мұраға құқық туралы куәлік берілген (басқа мұрагерлердің өздерінің үлестерінен бас тартуына байланысты).
Жылжымайтын мүлік жауапкер А. мен Л. арасындағы неке бұзылғаннан кейін сатып алынған. Сәйкесінше, Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінің талаптарына сай, осы мүлік ортақ мүлік болып табылмайды, демек жауапкер А. осы мүлікке талап қоя алмайды.
Сот, заң талаптарын, көрсетілген мән-жайларды және кәмелет жасына толмаған баланың құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келгенін ескеріп, талап қоюды ішінара қанағаттандырды.
Жауапкер А.-ның атына берілген ортақ мүлкіндегі ½ үлеске меншік құқығы туралы куәлігі жарамсыз деп танылған. Қайтыс болған Л.-ның кәмелет жасына толмаған қызына ½ үлесіне заң бойынша мұраға құқық туралы куәлігі жарамсыз деп танылған.
Мұра қалдырушы Л.-ның жылжымайтын мүлігіне оның кәмелет жасына толмаған қызы — заң бойынша барлық үлесіне мұрагері, мұраны қабылдаған деп танылған. Сот шешімі заңды күшіне енді.